Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » АҚШАМДА ТУҒАН АҚИҚАТ

АҚШАМДА ТУҒАН АҚИҚАТ

11 июль 2019, Четверг
1 410
1
 Газет атауының қойылу тарихы және бүгіні туралы сөз
 Иә, бұдан дәл 30 жыл бұрын, егер табандап санасақ, одан да бұрынырақ «Ақшам» деген сөз әуелі сол кезде таралымы одақтас республикалар бойынша 300 мыңға тақап, бәйгенің алдын бермей тұрған «Лениншіл жас» газетінде пайда болды. Жастар басылымы сенбі күнгі санына барынша мән беріп, оның оқылуына қатты назар аударатын. Қашанда қиядағы идеяны қағып түсетін, алам деген асуын алып түсетін, алдыма қара салмаймын деп жанып түсетін редакторымыз Сейдахмет Бердіқұлов бір күнібіздерді – бөлім меңгерушілерін, жинап алып, «Ақшам» деген сөзге қалай қарайсыңдар деп ортаға ой тастады. Білгенімізді біз де ортаға салдық.

         «Газеттің сенбі күнгі санының соңғы бетін, яғни төртінші бетінің «бас киімін» (бет тақырыбын) «Ақшам» деп берелік. Онда тек оқылатын материалдар болсын, безендірілуі де басқаша болуы керек. Әрине, үлкен үй бұл сөзге үрке қарауы мүмкін, сондықтан айлаға бағып, ақшам сөзін екі буынға бөліп берелік. Және қырағы көздерді адастыру үшін «ақ» сөзі мен «шам» сөзінің арасын бөліп, шамның клишесін салып берсек, артық сөзден дәлелмен құтылуға болады» деп өз ойын нақтылады. («Ақшам» сөзін бұдан да бұрын әдеби реңде қолданып, өмірге әкелу  туралы ой айтқан белгілі ақын Аян Нысаналин ағамыз екенін де айта кеткен жөн). Ақшамда туған ақиқаттың сөзі жаңа күндерге жаңылмай жетті. Тәуелсіздіктің туын қолға ұстап, алып шаһардың алтын құндағын шарайнасына салған газеттің атауына байланысты аз-кем дерек, айтылса артық болмас дәйек  ұштадық.
 Бұл сөзді тірілтіп, одан әрі қаузаған бөлім меңгерушілері өз идеяларын жаппай білдірді. «Ақшамның» алғашқы санын шығаруды  Сейдағаң маған, жауапты хатшы Ерғали Сағатов пен Сапарбай Парманқұловқа жүктеді. Алғашқы макетін белгілі қаламгер Сапарбай Парманқұлов сызды. Мен онда Әдебиет және өнер бөліміне жаңадан тағайындалған меңгерушісі едім, «Ақшам» бетіне біздің бөлім мен Тілші хаттары бөлімі тұрақты түрде жауапты болып тағайындалды. Әдеби қызметкерім, талантты ақын, марқұм Қайрат Әлімбек үшеуіміз белсене кірістік. Осылайша бір күні «Ақ» - «Шам» деген сөз «Лениншіл жас» газетінің төртінші бетінде жарқ етіп шығып, оқырмандардың қуана қостаған көзайымына айналған болатын. Осының басы-қасында болған ақын Қайрат Әлімбек кейін «Алматы ақшамы» газеті ашылғанда жаңа басылымның қызметкері болып сонда кетті.
Жаңа газеттің атауын белгілеу кезінде үлкен үйде болған үркулерде сардар ағамыз Сейдахметтің айтқаны келіп, діни астар іздегендер жарқырап жанып тұрған шамға «неге жанып тұрсың?» деп кінә қоя алмады. Сөйтіп, «Ақшам» сөзі жадымыздан жырақтап, жанымыздан алыстап бара жатқанда, ғажайып сөзді қайта тірілткен Сейдахмет Бердіқұлов бастаған «Лениншіл жас» газетінің ұжымы нәтижесінде төрімізден орын алып, тұғырын бекітіп еді. Осылайша «Ақшам» сөзі уақыт өте келе бірігіп, рухани кірігіп, ұлтымыздың өміріндегі ұлағатты да қырағатты күндерін бастады. Қалың оқырман қауым «Ақшамды» шам алып жүріп іздеп, шам жағып оқитын жағдайға жетті. Тегінде, шам деген сөзден шамшырақ деген жаңа атау пайда болған. Қазақтың қазаны қайнап тұрса, шамы жанып, жарығы жайнап тұрса, ұрпағы үйін базар етіп сайрап тұрса, төбедегі төртеу келіп, төрт құбыламыз түгенделмей ме?
         Өзім осы жаңалықтың басы-қасында жүргендіктен болар, жастық шағымның жарқын куәсі болғандықтан болар, бірге жүрген дос-әріптестерді сағына іздейтіндіктен болар, «Алматы ақшамы» газетін сол күндердің жалғасындай көремін. «Сағындым Алматымды» деп әдемі әнде айтылғандай, сағым жылдар мен сағынышты күндеріміздің куәсі де осы – «Алматы ақшамы» десем, кезіндегі әріптестерім бірге қол қоятын болар. Оқырман ретінде басылымды тұшына оқимын, іздегенімді тауып қуанамын, жоғымның ізіне түсіп жұбанамын.
 Кезінде «Ақшамның» талай санын бірге шығарысқан, сан рет макетін сызып, ажарын келтірген, өзі де мәдени өмірдің мәйегін, өнер әлемінің дәйегін тереңдеп танып, талғап қазып жазатын құштар қаламгер Қали інімнің қолтаңбасын көрген сайын танимын да отырамын. «Алматы ақшамының» бағы жанып, баяны байыпталса, көргені бар, көздегені ар, идеясы нар Қали Сәрсенбайдың қолтаңбасы сонау сағымды күндерге, жастар газетінің өткеніне ала жөнеледі. 
Кейде әдебиет және өнер газетімен тайталасып, кейде қоғамдық ойдың қордасына қазына салып, кейде ұлы тұлғаларды ұлықтау арқылы халықтық қағиданы жандандырып, кейде бүгінгі газетті осылай шығару керек деген пікірді мінберге шығарып, күннен күнге Кендебайдың Керқұласы секілді тұяғы жер тарпып келе жатқан «Ақшамның» жарығы алысқа түсіп, күн астындағы Күнікейіне шам жанып, сам жамыраған сәтте жетсін деп тілек қосамын. Отызында орда бұзған басылым, қырқында қырдан көрінсін, елуінде елдің рухани биігіне айналсын!
    Өтеген  ОРАЛБАЙҰЛЫ,
Президент  Әкімшілігінің  қызметкері,
Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері,
«Парасат»  орденінің  иегері

Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

САМАЛ СЕЗІМ
10 июль 2019, Среда
САМАЛ СЕЗІМ
МӘҢГІЛІК   ЕЛДІҢ   МАРАПАТЫ
10 июль 2019, Среда
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МАРАПАТЫ
БӘЙТЕРЕК
01 август 2019, Четверг
БӘЙТЕРЕК
АЙСҰЛУДЫҢ    АЛАҚАНЫ
10 июль 2019, Среда
АЙСҰЛУДЫҢ АЛАҚАНЫ
Пікір қалдыру
Пікірлер (1)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Гость Williesox
Гость Williesox Гости 31 июля 2020 21:15
детские воздушные шары ---- Смотри что тут есть для тебя ---- чемоданы lcase ---- Нажмите на ссылочку, чтобы посмотреть сайт ---- композиции из шаров на день рождения ---- Шарики воздушные на праздник детям и любимым ---- продажа помещения под офис ---- Все для посетителя ---- савеловский сити аренда офиса ----- каталог сайтов посмотреть ---- бц империя тауэр ---- Поговорим про двери ---- стальные двери купить госуслуги личный кабинет вход по номеру телефона и пароля войти быстрый займ с просрочками 2353listtest
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры