Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » БЕТАШАР (1976 ж.)

БЕТАШАР (1976 ж.)

30 октябрь 2019, Среда
493
1

Өтеген  ОРАЛБАЙҰЛЫ,

Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты



БЕТАШАР 


Ей, халайық туғандар,

Ендi менi тыңдаңдар.

Берменiрек келiңдер,

Тойдан алыс тұрмаңдар.


Шаттанатын күн бүгiн,

Мақтанатын күн бүгiн.

Өлеңiммен ашайын,

Жас отаудың түндiгiн.


Ғұмыр тапсын үмiттер,

Той бәйгесiн бiлiп  бер.

Би билесiн арулар,

Көкпар тартсын жiгiттер.


Сүйiншiнi қалап ал,

Шашу терсiн балалар.

Ықыласына ақынның

Ырза болсын аналар.


Күмбiрлесiн күй үнi,

Ешкiм тұрмас бұйығы.

Көңiлдердi көтерер,

Келдi бүгiн иiнi.


Ән тербесiн аспанды,

Құшағына ап жастарды.

Қуантайын ата-ана,

Қатар-құрбы, достарды.


Қуантайын қауымды,

Әнге бөлеп ауылды.

Таныстырып өтейiн

Құда,  жекжат, бауырды.


Ал, қане, ендi бастайын,

Желкiлдеген жас қайың,

Келiнжанның кеп тұрған,

Бетiн ашып тастайын.


Ей, келiнжан, жыр тыңда,

Ақыл тыңда, сыр тыңда.

Абзал жандар аз емес,

Келiп тұрған жұртыңда.


Бұл ауылға келдiң сен,

Құшағына ендiң сен.

Өмiр жарқын өтедi

Жүрегiңдi сендiрсең.


Бұл ауылда бәрі бар,

Төкпе күй мен әні бар.

Кеңдігіндей даланың,

Кеңпейілдер табылар.


Тарихы бар талайлы,

Таңдары бар арайлы.

Жаңа түскен келінге,

Жатырқамай қарайды.


Ақындар да осында,

Батырлар да осында.

Дәстүрі бар тарихи,

Дастаның да қасыңда.


Көңіл бүгін балқиды,

Шаттық бүгін шалқиды.

Шаңырақтары ашылып,

Шұбат иісі аңқиды.


Бұл ауылда бәрi бар,

Жөнiң жоқ құр жабығар.

Ойын, сауық, түрлi кеш,

Тойдың түрi табылар.


Бұл ауылда бәрi бар,

Жөнiң жоқ құр жабығар.

Құтты болсын қадамың,

Ауылыңды танып ал.



Бұл ауылда бәрi бар,

Облысқа танымал.

Адамдары жайдары,

Алыс кетсең сағынар.



Жас келiнге бәрi сын,

Айтқан сөзім  дарысын.

Маржан жүрек жеңгелер,

Ақыл айтар абысын.


Табылады барлығы,

Секiлденген таң нұры.

Өзiң болсаң пейiлдi,

Өмiрiңнiң жаңбыры.


Жақсылықпен жолығыс,

Жоламасын долы қыс.

Бұл ауылмен мақтанар,

Абыройлы  облыс.


Адамдары жайдары,

Ауылыңның қаймағы.

Үлкен отау секiлдi,

Үмiт толы аймағы.

Ал, қанеки, келiнжан,

Ауылыңа бiр сәлем!


Төгiлтейiн терменi,

Бос жiберiп делбенi.

Анау тұрған қайны атаң

Елге мәлiм еңбегi.


Ауыл-жұрты мақтаған,

Жүрегi алтын жақсы адам.

Оның айтқан сөзiне,

Үлкен-кiшi тоқтаған,

Ал, келiнжан, қанеки,

Қайны атаңа бiр сәлем.


Көп сыйлаған, беделдi,

Бiлмес ашу дегендi.

Анау тұрған қайны енең,

Ақылы мол, өнерлi.


Балам екеу болды деп,

Аққу келiп қонды деп.

Абзал ана жүрегi,

Тұрған  шығар елжiреп.

Ал, қанеки, келiнжан,

Қайны енеңе  бiр сәлем!


Тойдың көркi ән екен,

Көлдiң көркi тал екен.

Арқа сүйер ақылшы

Қайны ағаң да бар екен.


Шаңырақ екен ұялы,

Кетiлмеген тұяғы.

Ағаң болар күнi ертең,

Қайны ағаң бар зиялы.

Ал, қанеки, келiнжан,

Қайны ағаңа бiр сәлем.


Ауылыңның намысын,

Алыс кеткен дабысын.

Түсiрме деп төменге,

Ақыл айтар абысын.


Көңiлiнде гүл арман,

Елден бұрын қуанған.

Анау тұрған абысын

Жақсылыққа жұбанған.

Ал, қанеки, келiнжан,

Абысыныңа бiр сәлем!


Еркем, десең назданар,

Көңiлiне жаз қонар.

Оның айтқан сырлары,

Көкiрегiңе саз  болар.


Қайын сiңiлi - досыңдай,

Құшағыңды аш тосылмай.

Қайныларың тағы бар,

Ұяң үлкен, осындай.

Ал, келінжан, қанеки,

Қайныларыңа бір сәлем.


Қайынсіңлі сырласың,

Көңілі жақса құрдасың.

Өкпелетпе сен оны,

Теріс қарап тұрмасын,

Қайынсіңлілеріңе бір сәлем.


Бар тағы да құрдасың,

Қатар, құрбы сырласың.

Жүрегiңдi жайып сал,

Жақсылықты жырласын.

Ал, келінжан, қанеки,

Қатарларыңа бір сәлем.


Таныстырдым бәрiмен,

Үлкен, орта, кәрiмен.

Бетiңдi аштым қуанып,

Жастық шақтың әнiмен,

Маған да бір сәлем ет,

Күтіп тұрмын әлі мен.


Өлең-жырды шашайын,

Тау суындай тасайын.

Құтты болсын қадамың,

Бетіңді енді ашайын,

Салт-дәстүрді жасайын. 


Қосағыңмен қоса ағар,

Оқшау сөзге босама.

Оң аяқпен аттап кiр,

Аман болсын босаға!


1976 жыл.


Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

СОҒЫС БАЛАЛАРЫ.  Әлқисса. 1988 жыл
02 август 2019, Пятница
СОҒЫС БАЛАЛАРЫ. Әлқисса. 1988 жыл
АСПАНЫ  БИІК   АТАЖҰРТ
23 июль 2019, Вторник
АСПАНЫ БИІК АТАЖҰРТ
ҚАҒБАНЫҢ  ҚАРЛЫҒАШТАРЫ
22 июль 2019, Понедельник
ҚАҒБАНЫҢ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ
ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТҰМАРЫ  (ЭССЕ – ЕСТЕЛІК)
25 август 2014, Понедельник
ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТҰМАРЫ (ЭССЕ – ЕСТЕЛІК)
ӨЛЕҢНІҢ  ӨЗЕГІ – ӨМІР
21 март 2019, Четверг
ӨЛЕҢНІҢ ӨЗЕГІ – ӨМІР
Пікір қалдыру
Пікірлер (1)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Гость Williesox
Гость Williesox Гости 31 июля 2020 21:15
купить шары на день рождения ---- Смотри что тут есть для тебя ---- чемоданы на колесиках пластиковые ---- Чемоданы всем нужны ---- Оскорбительные шары ---- Шарики воздушные на праздник детям и любимым ---- арендовать склад ---- Ну как круто то ---- аренда гранд сетунь плаза ----- взгляните на сайт ниже ---- башня империя ---- Посмотрите дверь ---- двери престиж госуслуги быстрый займ в беларуси на карту онлайн 2353listtest
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры