Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » ШАЛКӨДЕ. 1991 ж.

ШАЛКӨДЕ. 1991 ж.

02 август 2019, Пятница
633
0

Шалғыныңа ат байладым, Шалкөде,

Шабытыма от байладың, Шалкөде.

Шалқар ақын сенде туды, Шалкөде,

Шылбырынан қақпайладым, Шалкөде.


Жолға салдың жас ұлыңды, Шалкөде,

Жаным саған асығулы, Шалкөде.

Жомарт жаның жүрегiмде, Шалкөде,

Жөн көремiн бас ұруды, Шалкөде.


Мәрт мiнездi сен екенсiң, Шалкөде,

Қарт мiнездi жер екенсiң, Шалкөде.

Көкемарал бел екенсiң, Шалкөде,

Көкейдегi төр екенсiң, Шалкөде.


Самалыңнан қанып iштiм, Шалкөде,

Биiгiңнен барып iштiм,Шалкөде.

Мұрагерi - Қарасаздай  қайнардың

Куәгерi сағыныштың, Шалкөде.


Сенi көрiп, бiр қуандым, Шалкөде,

Хан - тәңiрдiң бұлтын алдым, Шалкөде.

Жусаның боп бұрқырармын, Шалкөде,

Құлының боп шұрқырармын, Шалкөде.


Жүрегiмдi елеңдеттiң, Шалкөде,

Ұлылықты дәлелдеттiң, Шалкөде.

Мұқағали секiлденiп мұңайып,

Мен өзiңнен әрең кеттiм, Шалкөде!


                                                  1991
Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

СОҒЫС БАЛАЛАРЫ.  Әлқисса. 1988 жыл
02 август 2019, Пятница
СОҒЫС БАЛАЛАРЫ. Әлқисса. 1988 жыл
ҚАҒБАНЫҢ  ҚАРЛЫҒАШТАРЫ
22 июль 2019, Понедельник
ҚАҒБАНЫҢ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ
ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТҰМАРЫ  (ЭССЕ – ЕСТЕЛІК)
25 август 2014, Понедельник
ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТҰМАРЫ (ЭССЕ – ЕСТЕЛІК)
ӨЛЕҢНІҢ  ӨЗЕГІ – ӨМІР
21 март 2019, Четверг
ӨЛЕҢНІҢ ӨЗЕГІ – ӨМІР
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры