Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29

ӨМІРБАЯН

09 июль 2019, Вторник
1 949
1
                                               
Ақын, журналист-публицист, қоғам, мәдениет және  мемлекеттік қызмет қайраткері Оралбаев Өтеген Оралбайұлы 1952 жылғы 1 қыркүйекте Атырау облысының Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай ауылындағы Ақмешіт (Әулие Бекет Атаның туған жері) деген жерде туған. 1969 жылы осы ауылдағы  Амангелді орта мектебін бітіріп, сол жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетіне  оқуға түсіп,  оны 1974 жылы бітірген. 
1978 жылдан  КСРО  журналистер  одағының, 1986 жылдан КСРО жазушылар одағының мүшесі. Жазушылар одағына өтуге кепілдік бергендер: сыншы, академик, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқаметжан Қаратаев, ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қалижан Бекқожин, әдебиеттанушы, академик, ұстаз Зейнолла Қабдолов. 1978 жылғы республикалық тұңғыш «Жігер» фестивалінің, 1980 жылғы Тува  елінде өткен Бүкілодақтық поэзия фестивалінің,  Қазақстан журналистер одағы сыйлығының  лауреаты.
         1974-1976 жылдары Маңғыстау облыстық Теледидарында редактор,   облыстық  «Коммунистік жол» газетінде  тілші болып жұмыс жасаған.  1976 жылғы қыркүйек айынан 1990 жылғы қазан айына дейін сол кездегі «Лениншіл жас» газетінде қызмет атқарды. Осы  басылымның  Мәдениет және ғылым, Әдебиет және өнер бөлімдерінің  меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі қызметтерін атқарды. Жастар газетінде 200-ден астам мақалалары жарық көрген.
Әр кезеңде «Лениншіл жас»,  «Егемен Қазақстан», «Дала дидары» - «Ауыл» республикалық газеттерінде жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 
Маңғыстау облысы Бейнеу (2002 жыл), Атырау  облысы  Жылыой  аудандарының  (2015 жыл)  «Құрметті азаматы».       
         Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1978 жылы жарық  көрді. Ақын  әр жылдары шыққан  14  жыр  жинағының, 5 деректі прозалық  кітаптың, 2 ғылыми монографияның авторы. Әлемнің 40-тан астам ақындарының өлеңдерін орыс және Орта Азия халықтары тілдерінен қазақшаға  аударған.
Жыр  жинақтары: («Тұңғыш» 1978 ж., «Мәңгілік қозғалыс», 1980 ж., «Жұлдызды шақ», 1982 ж., «Көгілдір көкжиек», ұжымдық, 1984 ж., «Ақ пен қара», 1988 ж., «Аспаны биік атажұрт», 1997 ж., «Екімыңжылдық дала жырлары», антология, 2008 ж., «Өлеңбаян» 2 томдық, 2008 ж., «Сүмбіле саздары», 2010 ж., «Қағбаның қарлығаштары», 2012 ж., «Айсұлудың алақаны» 2016 ж., «Шуақты шақ» 2016 ж.; , Прозалық  кітаптары: «Жолға шықты жүрегім», 1993 ж., «Жолдар мен жылдар», 2008 ж., «Серпер сезім», 2014 ж., «Текті өнердің Тұмары», 2015 ж., «Тәуелсіз елдің Тұңғышы», 2016 ж., Ғылыми-әдеби монографиялары: «Ақындықтың өлшемі – азаматтық», 2009 ж., «Қазіргі қазақ поэзиясы: дәстүрлі арналар және көркемдік сабақтастық», 2010 ж. Кең тараған 30-дан астам ән текстерінің, Қазақстанда өткен Қысқы 7-ші Азиада ойындары, Ақтау, Атырау қалалары мен Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі гимндерінің мәтін авторы.
 Оның «Жас жұбайлар жыры» атты ән сөзі 1995-2005 жылдар арасында еліміз бойынша тыңдармандар дауыс беруі бойынша хит болып саналып, бірінші орында тұрған. «Ақ маржан қала – Ақтауым» сөзіне жазылған ән (Әнін жазған талантты жас композитор Мұхидден Ғаббасов деген азамат еді) республикалық байқауда бас жүлде алып, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің орындауында Қазақ радиосының алтын қорына жазылған. «Батыр Бауыржан», «Ерлікке ескерткіш», «Құстармен қоштасу» атты ән сөздері республикалық арнаулы ән байқауларының  бас жүлдесін алған. «Нығмет айы – наурыз», «Соғыс балалары», «Ұлт ұраны – Ұлытау» атты атты поэтикалық дастандары республикалық мүшәйралардың жүлдесін алып, марапатталған.  Өзінің де көптеген өлеңдері орыс, украин, болгар, өзбек, қырғыз, түркімен, тәжік, ұйғыр, тува, якут тілдеріне аударылған. 
         1994 жылы  Атырау облысының Мақат  сайлау округінен ел тарихындағы тұңғыш кәсіби Парламент - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған. Жоғарғы Кеңестің Мәдениет, ақпарат және қоғамдық бірлестіктер  комитетінде жауапты хатшылық қызметін  атқарған. 25 жыл мемлекеттік қызмет жүйесінде жұмыс жасады.
1995 жылы  Жоғарғы  Кеңес  таратылғаннан   кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне қызметке шақырылып, оның  Қоғамдық-саяси, Ішкі  саясат, Отбасы және демографиялық саясат бөлімдерінде, 1999 жылдан 2005 жылға дейін Елбасының  Баспасөз қызметінде  консультант, бас сарапшы болып жұмыс жасады.
2005 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік хатшыларының Ішкі саясат мәселелері жөніндегі  кеңесшісі,  Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушісі қызметтерін  атқарды. 2016 жылғы қыркүйектен 2009 жылдың қаңтарына дейін  «Назарбаев Орталығындағы»  Президент  Кітапханасының  аға ғылыми  қызметкері болып жұмыс атқарды. 2019 жылғы мамыр айынан бері «Егемен Қазақстан» газеті Басқарма төрағасының кеңесшісі. Марапаттары:
*Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
         *Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері; 
*«ҚР Мемлекеттік қызметінің Үздік қызметкері»;
*Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары  саласындағы  сыйлығының   лауреаты; 
*Халықаралық «Алаш»  әдеби  сыйлығының лауреаты;
*Филология  ғылымдарының кандидаты; 
*ҚР  Журналистика  Академиясының академигі;
*ҚР  Жазушылар  одағының Басқарма мүшесі;
* «Парасат» орденімен марапатталған;
* 10 мерекелік медальмен, Қазақстан Республикасының Құрмет   Грамотасымен марапатталған;
*Қажы, Қазақстан қажылары бірлестігінің мүшесі;
*Қоғамдық-тарихи «Бәйтерек» қорының мүшесі. 
 Отбасылы, бір қыз екі ұлы бар.
Астана қаласында тұрады.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Ақарыс көшесі, 8 үй.
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (1)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Гость Williesox
Гость Williesox Гости 31 июля 2020 21:15
детские воздушные шары ---- Кликни на сайт ---- чемодан для ручной клади ---- Чемоданы всем нужны ---- шары с надписями ---- Все для праздника ---- продажа офисов ---- Все для посетителя ---- снять офис бц дорохoфф снять офис НАГАТИНО АЙЛЕНД ----- взгляните на сайт ниже ---- башня империя ---- Поговорим про двери ---- купить входные двери в квартиру в москве госуслуги вход в личный кабинет быстрые займы сочи 2353listtest
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры