Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » МЫНА ҒҰМЫР, МЫНА КҮН. 1985

МЫНА ҒҰМЫР, МЫНА КҮН. 1985

02 август 2019, Пятница
640
0

Қалай,

Қалай құбылады мына күн,

Шаң басады

Шаттығымның шырағын.

Күлейiн деп көрiп едiм, жыладым,

Жүрейiн деп

Көрiп едiм, құладым

Қандай оңай,

Қандай қиын мына күн?!



Ақ дегендi 

Қара дедi бiр мықты,

Өтiрiк деп дәлелдедi шындықты.

Жайбарақат тiрлiк,- дедi сұмдықты,

Адалдық деп

Қорғаштады ұрлықты.

Жаным төзбей мынау жалған ғұмырға,

Жүрегiмнiң тереңiне тiл бiттi.


Бiр бояудан

Табам ылғи мың бояу,

Жүрегiм бар

Жұмбағы мол, күнде ояу.

Мазасыздау мынау мәңгi тiрлiкте

Қаспақ болып

Көкiрегiмде тұр қаяу.


Жаным ашық

Жақынсырап келгенге,

Кейде ауырмын

Мынау қара жерден де.

Жауларымның жарасынан өлмеймiн

Мен өлемiн

Достан дұшпан көргенде.

Жүрегiм бар

Қалтқы сынды қалтылдақ,

Өмiр осы,

Тыншымайтын толқыны,

Тереңiне батыратын олқыны.

Жұмыр жерiм -

Жүрегiмнiң солқылы.

Жырларым бар,

Жер-ананың ол тiлi.


Мiне, осылай ғұмыр кешiп келемiн,

Теңiз өмiр көрсетпейдi тереңiн.

Жұмбақ өмiр бiлдiрмейдi дерегiн

Ұлы далам, бiр бөлшегiң мен едiм.

Тамыр тартып, көктесiн деп төсiнде,

Жүрегiмнiң бiр бұтағын егемiн!


                                                   1985

Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

АСПАНЫ  БИІК   АТАЖҰРТ
23 июль 2019, Вторник
АСПАНЫ БИІК АТАЖҰРТ
ҚАҒБАНЫҢ  ҚАРЛЫҒАШТАРЫ
22 июль 2019, Понедельник
ҚАҒБАНЫҢ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ
ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТҰМАРЫ  (ЭССЕ – ЕСТЕЛІК)
25 август 2014, Понедельник
ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТҰМАРЫ (ЭССЕ – ЕСТЕЛІК)
ПІРДІҢ  СОҢЫ  –  БЕКЕТ АТА
10 июль 2019, Среда
ПІРДІҢ СОҢЫ – БЕКЕТ АТА
ШАНДОЗДЫ  САҒЫНҒАНДА...
11 июль 2019, Четверг
ШАНДОЗДЫ САҒЫНҒАНДА...
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры